Call-центр: +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343
Email: almaty_gp2@mail.ru

     №2 Қалалық емханаға қарасты №64 қазақ орта мектебінде 2017 жылдың 5 қыркүйегінде бас дәрігер Тоғжан Сағынышовнаның қолдауымен №2 Қалалық емхананың маман дәрігерлері, психологы, әлеуметтік қызметкері мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және мектеп ұстаздары қатысуымен 7 сынып оқушыларына «Оқушыларға сапалы медициналық көмек көрсету» айлығына орайластырып «Оқушылардың дұрыс тамақтануы және иммунопрофлактикасы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді. Дәрігер педиатр Байсбаева Х.Е. балаларға профилактикалық егудің маңыздылығын түсіндіріп, егуден бас тартудың денсаулыққа кері әсер ететінін түсіндірді.

     ЗОЖ дәрігері Оразалиева О.Н. балаларға дұрыс тамақтанып журу қажет екендігін айтты. Казіргі кезде балалардың әр түрлі сусындарға, тағамдарға әуес екендігі және олардың адам ағзасына зиянды екенін түсіндіріп, денсаулыққа таза судың, әрине мезгілімен дүрыс тамақтанудың пайдасының зор екендігін түсіндірді. Денсаулық сақтау саласының еңбек ардагері 83 жастағы Әмірханов Оралхан Әмірханович, оның жұбайы 82 жастағы Байгалина Батиха Искаковна балаларға өздерінің жас кезінде таза экологиялық тамақ ішкендері туралы, қазіргі кезде заман өзгеше болғандықтан көп нәтижеге жету үшін тіртіп болу керек, сонда денсаулық та, үлгерімде жақсы болатыны туралы әңгімеледі. Мектеп ұжымына және балаларға арнап музыкалық сәлемдерін жолдап – «Алматы кешінде» және халық әні «Гүлдерайымды» орындады.