Миссия
«Тіркелген халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың амбулаториялық-емханалық көмекке деген қажеттіліктерін қанағаттандыру».
Тарих
Емхана 1973 жылы Алматы қаласының Медеу ауданында құрылған. Алғашқы бас дәрігері Дүйсенғалиев Байжан Дүйсенғалиевич болды (1973–1979).
Әр жылдары мекемені Мерекешева Майсара Қабылмұлиқызы (1979–1981), Әбішева Аля Дәуітқызы (1981–2006, емхананы 25 жыл басқарды), Біртанов Амантай Біртанұлы (2006–2011), Нұрмағамбетова Галина Айчуганова (2012–2014) басқарды. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін емхананы Есперегенова Тоқжан Сағынышқызы басқарып келеді.
2006 жылы емханаға «Думан» дәрігерлік амбулаториясы қосылды. 2014 жылы қызмет көрсету аумағы Сұлусай кентінің есебінен кеңейтілді, ал 2015 жылы қызмет көрсетілетін аумақтың шалғай бөлігінде фельдшерлік пункт ашылды.
Бүгінде емхана ұзындығы шамамен 10 км аумақта 63 756-ға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді және бір ауысымда 500-ге дейін пациент қабылдай алады.
Біздің құндылықтарымыз
Ізгілік
Әрбір пациенттің қадір-қасиеті мен өмірлік ұстанымын құрметтеу.
Кәсібилік
Сапалы көмек көрсету үшін білім мен дағдыларды үнемі дамыту.
Көшбасшылық
Көмек сапасы үшін әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі.
Алқалылық
Ұжымдағы қолайлы ахуал, адалдық және корпоративтік этика.
Серіктестік
Көмекті ұйымдастыруда сыртқы серіктестермен ашық ынтымақтастық.