Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.kz

 

ҚР Үкіметінің 01.11.2011 жылғы
№ 1263 Қаулысымен бекітілген

Азаматтарды бастапқы медико-санитарлық
көмек көрсету ұйымдарына тіркеу Ережелері

1. Жалпы ережелері

1. Азаматтарды бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу бойынша осы Ережелері 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (әрі қарай - Ереже) Кодексі 45 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсететін бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына ( әрі қарай - ТМККК ұйымдары) тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсететін бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына (ТМККК) тіркеу, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде ( әрі қарай -БМСК) БМСК алу, оны алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша міндеттемелерін тіркеу.
3-1. Тіркелген тұрғындардың регистры деректерінің базасында БМСК көрсететін медициналық ұйымдарына тұрғындардың нақты тіркелген саны, қызмет көрсетудің аумақтық учаскелері, учаскелік қызметінің (жалпы тәжірибе қызметінің) дәрігерлері және орта буындағы медицина қызметкерлері туралы ақпарат әзірленеді.
Тіркелген тұрғындардың регистрынан БМСК ұйымы тұрғысынан тіркелген тұрғындардың бар-жоғы туралы ақпараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысымен тегін едициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсету және оның шығындарын өтеу бойынша қызмет көрсетушіні (тауар жеткізушіні) таңдау Ережелерінің талаптарына сәйкес БМСК ұйымдарына ТМККК орналастыру үшін негіздемесі болып табылады.

2. Азаматтарды бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу тәртібі

4. Азаматтарды және оралмандарды бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу, шекара аумағының қарамағында тұратын азаматтар мен оралмандарды қоспағанда, олар басқа әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан БМСК жақын орналасқан ұйымы, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығымен тіркеледі, бір әкімшілік-аумақтық бірлігінің шеңберінде медициналық ұйымының дәрігерін еркін таңдау құқығын есепке алуымен тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша іске асырылады. 
5. Азамат және оралман БМСК тек бір ұйымына ғана тіркеледі.
6. БМСК ұйымына тіркелгендігін, куәландыратын құжаты ретінде, қағаз түрінде және «электронды үкіметінің» веб-порталы арқылы электронды түрінде әзірленетін, медициналық ұйымға тіркелген анықтамасы (талоны) әрі қарай - тіркелу анықтамасы (талоны) болып табылады. Қағаз түріндегі тіркелгені туралы анықтамасы (талоны) медициналық ұйымының тіркеушісімен беріледі. Электронды түрдегі тіркелгендігі туралы анықтамасы (талоны) бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымының электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды нұсқасында беріледі. 
7. БМСК ұйымына тіркелу БМСК ұйымының жұмыс істеу кестесіне сәйкес кез- келген күнтізбелік уақытында еркін түрде жазылған өтінішінің және жеке құжатының ( жеке куәлігі, төлқұжаты, туу туралы куәлігі, (Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы бойынша берілген өзге де құжатының негізінде беріледі. БМСК ұйымына тіркелу үшін «электронды үкіметінің» веб-порталына жүгінген кезінде сұрау салу жіберу, сондай-ақ жеке құжатының ( жеке куәлігі, төлқұжаты, туу туралы куәлігі, (Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы бойынша берілген өзге де құжаты және электронды цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс. 
8. БМСК ұйымдары азаматтар мен оралмандардың жеке өздері жүгінген кезінде тіркеуді іске асырады. Отбасы мүшелерін тіркеу олардың жазбаша түрдегі келісімін отбасы мүшелерінің біреуімен ұсынылғанда, еркін түрде өтінішінің негізінде және жеке құжатының ( жеке куәлігі, төлқұжаты, туу туралы куәлігі, (Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы бойынша берілген өзге де құжатының негізінде іске асырылады. 
9.Денсаулығының ахуалы бойынша БМСК тіркелуге өзі келе алмайтын тұлғаларды тіркеу олардың жазбаша түрде жүгінген кезде БМСК ұйымында немесе осы Ережедегі 7 тармағында көрсетілген жеке басын растайтын құжаты болғанда, «электронды үкіметінің» веб-порталы арқылы іске асырылады. 
Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу өзінің немесе оның заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты болған жағдайда еркін түрде жазылған өтінішінің негізінде іске асырылады. 
10.БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды тіркеу тіркелген тұрғындардың нормативтік санына сәйкес іске асырылады. 
Тіркелген тұрғындардың нормативтік саны туралы ақпараты азаматтар мен оралмандарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен хабарланады және БМСК ұйымдарындағы орындарында танысу үшін орналастырылады. 
11. БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды тіркеу келесі жағдайларда іске асырылады: 
1) бір әкімшілік-аумақтық бірлігінің шеңберінен тыс азаматтың тұрғылықты немесе уақытша тұратын, жұмыс, оқу орны өзгерген жағдайда; 
2) БМСК ұйымының қайта құрылған немесе жойылған жағдайларында; 
3) азаматпен немесе оралманмен дәрігерді және медициналық ұйымды бір жылда бірнеше рет еркін таңдамақ болған жағдайда; 
4) тұрғындарды БМСК ұйымына тіркеу маусымы кезінде.
12. Азаматтар мен оралмандар өздері тікелей жүгінген кезінде оларды БМСК ұйымына тіркеу, олардың бұрынғы тіркелген БМСК ұйымынан шығу тіркелген тұрғындар регистры арқылы автоматты түрде іске асырылады. 
Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымына тіркеу, олардың бұрынғы тіркелген БМСК ұйымынан шығу «электронды үкіметінің» веб-порталы арқылы автоматты түрде іске асырылады. 
13. БМСК ұйымына еркін тіркелу азамат және оралман таңдаған жағдайда, олардың үйлеріне барып, медициналық қызмет көрсету сол ұйымның мамандарымен көрсету мүмкіндігі алдын ала пысықтап алады, сонымен берілетін анықтамасында (талонында) көрсетіледі. 
14. БМСК ұйымы жылына бір рет тіркелген тұрғындар туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару бойынша жергілікті органына ұсынып тұрады. 
15. ТМККК шеңберінде БМСК көрсететін жеке медициналыық тәжірибемен айналысатын азаматтарды және оралмандарды жеке тұлғалар ретінде тіркеу осы Ережеге сәйкес, БМСК ұйымдарындағыдай іске асырылады.