Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

 

Скрининг профилактикалық тексерулер жас мөлшері бойынша

Онкологиялық аурулар жиілілігін азайтуға болмайды, егерде ондай дерт ерте кезеңінде анықталса, ол дертті тиімді емдеп, толық сауығуға болар еді, дегенмен ерте кезеңде обыр дертін анықтау қолымыздан келмейді.

Қанайналымы жүйесінің ауруларын, глаукоманы және онкологиялық ауруларды ерте анықтау скрининг тексерулерді дер кезінде өту арқылы қол жеткізуге болады, сондықтан сіздерді скрининг профилактикалық тексерулерден жас мөлшерлеріңізге қарай өтулеріңізді сұраймыз.

Жас мөлшері бойынша скрининг профилактикалық тексерулер :

1) қанайналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтауға скрининг тексерулері (артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы ) және қант диабеті (аталмыш аурулары бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 2 жылда 1 рет - 18, 25, 30, 35, 40 жасқа дейін, 40 жастан 64 жасқа дейін ерлер мен әйелдер) ;

2глаукоману скрининг тексеру арқылы ерте анықтау бойынша (глаукома ауруы бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер);

3) сүт безінің обырына қатысты ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг тексерулер (сүт безінің обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас мөлшеріндегі әйелдер);

4) жатыр мойнағының ісікке дейінгі ауруларын және жатыр мойнағының обырыдертін ерте анықтауға скрининг тексерулер (жатыр мойнағының обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас мөлшеріндегі әйелдер);

5) жуанішіек пен тікішектің ісікке дейінгі және ісік ауруарын ерте анықтауға скрининг тексерулері (жуанішіек пен тікішектің полипозы, обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер) ;

6) өңеш обыры мен асқазан обыры ауруын ерте анықтауға скрининг тексерулері (өңеш обыры мен асқазан обыры ауруына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер):
эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС).

7) бауыр обыры ауруын ерте анықтауға скрининг тексерулер (вирусты және вируссыз этиологиясының бауыр циррозына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер):

  • иммунохимиялық /иммуноферментті анализаінің ( әрі қарай – ИХА/ИФА) әдісімен альфа-фетопротеин ( әрі қарай – АФП) деңгейін анықтау үшін тамырынан қан алуы іске асырылады;
  • бауырдың УДЗ жүргізіледі.

8) қуық асты безінің обырын ерте анықтауға скрининг тексерулері(қуық асты безінің обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 54, 58, 62 және 66 жас мөлшеріндегі ерлер);

 

ИХА әдісімен простат-спецификалық антиген (әрі қарай – ПСА) тамырдан қан алынады.