Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

         Құрметті алматылықтар! Думан дәрігерлік амбулаториясының маманы бұл видеода вакцина алу процесі және дененің вакцинаға ықтимал реакциялары туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бізде ресейлік "Спутник V" вакцинасымен вакцинация жалғасуда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл 42 мекенжайындағы Думан дәрігерлік амбулаториясында "Спутник V" вакцинасымен кез келген адам тегін егіле алады.

Бұдан басқа, бізде 4 пункт бар, онда да барлық тілек білдірушілер үшін күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін вакцинация жүргізіледі.

Бұл:

1) Шухов көшесі 37б, № 2 қалалық емхана

2) Тәтібеков көшесі 89,№ 98 мектеп

3) Янушкевич Көшесі 58, №4 Мектеп

4) Сәрсенбаев Көшесі 55, Кеңсай

Біз сізді вакцинациялауға күтеміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Барлық сұрақтар бойынша біздің Call-орталықтың нөміріне хабарласыңыз: +7 727 312 24 89

Егер сізде вакцина алу туралы басқа сұрақтарыңыз болса, оларды осы посттың астына жазыңыз. Біз оларға келесі бейнежазбаларда жауап береміз.