2015 жылы 28 қазан «Панорама» мейрамханасында «№2 Қалалық емхана» ұжымымен ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» мерекелік шара өткізілді.
Шақырылған қонақтар: «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының бірінші орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы, Алматы қаласы Медеу ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы -Серікбаев Ким Серікбайұлы, Медеу ауданы әкім апаратының Әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Рысқұлова Нұржамал Орынбекқызы, №32 округтін ақсақалдар төрағасы Ергебаев Ислям Мукатаевич, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының белсенді мүшесі Шоқан Маратұлы, Халық әншісі Гүлнар Сиқымбаева және де Медеу аудандық мүгедектер қоғамының мүшелері, Думан ықшам ауданының ақсақалдарымен апалар.