Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтарының бірі Алматы болады. Мұндай қалалар сапалы медицина және өзге қызметтерді көрсетеді.

         Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен, Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып алыс орналасқан мекендерде медициналық қызмет көрсету науқанын бастады.

         21.01.2017 жылы аталған шара ШЖҚ "№2 Қалалық емхана" МКК филиалы, Медеу ауданында орналасқан Сұлусай кентінде өтті.

         «Шалғайда орналасқан мекенде өмір сүретін халық үшін көкейтесті мәселенің бірі – медицина мекемелерінің қаланың орталық бөлігінде орналасуына байланысты қатынау қиындығы.

         Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры А.Искаков:

         Шара мақсаты – кент қалқына сапалы мамандандырылған медициналық қызмет көрсету.

         Денсаулық сақтау басқармасының жауапты тұлғасының басқаруымен білікті және тәжірибелі дәрігерлер қатарынан топ құрылды.

         Шара нәтижесі бойынша аталған мекеннің 61 адамы флюорографиялық қаралудан өтті, 47 адамға УЗИ, 47 кардиологиялық тексеру жүргізіліп, сонымен қатар өзге мамандандырылған тексерулер жүргізілді.

         18 ауыратын науқастар анықталды. Оларға мемлекеттік квота ауқымында медициналық көмек беру мәселесі пысықталады.

         Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі және міндетті медициналық сақтандыруға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.» - деп мәлімдеді.