Әдетте күз айларында суық тиюден асқынатын түрлі вирусты инфекциялар «бас көтереді».
Тұмау – жұқпалы респираторлық ауру. Тұмау әдетте адамнан адамға күнделікті тұрмыстық қарым-қатынастан бөлек, ауа арқылы да таралып, жұғатыны белгілі. Кейде бірнеше күнге дейін белгі бермеуі де мүмкін, әйткенмен бұл инфекциялар, әсіресе тұмау орталық жүйке жүйесін, жүрек-қан тамырларын зақымдап, өкпенің қабынуына (пневмония) ұласып кетуімен өте қауіпті, оның соңы тіпті қайғылы жағдайларға да соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге, құлақтың инфекциясы немесе бактериялық пневмония сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін.
Тұмауға қарсы екпені жыл сайын осы уақытта салады. Вакцинаны эпидмаусым басталмас бұрын иммунитет қалыптастыру үшін салдыру керек.Тұмауға қарсы вакцинация — бұл сіздің денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін жасалған маңызды қадам. Барлық азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, екпе алуға шақырамыз. Вакцинация тұмау вирусының таралуын тежеуге және ауыр салдар қаупін азайтуға көмектеседі. 2024 жылы 16 қыркүйектен бастап №2 емханада тұмауға қарсы ВАКЦИНАЦИЯ басталады.
Вакцинацияны Шухов көшесі, 37Б мекен-жайындағы №2 Еиханада 3-қабат, 303-кабинетте салдыруға болады. Вакцинация кабинеті жұмысының кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 08:00-ден 17:00-ге дейін Сенбі: 08:00-ден 13:00-ге дейін Өзіңізді және жақындарыңызды тұмаудан сақтаңыз! Сіздерді емханамызда күтеміз!
Құрметпен, №2 Қалалық емхана әкімшілігі