Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.kz

1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күніне орай  №2 емханада Ашық есік күні және  мерекелік шара өтті. Оған аумақта тұратын жасы үлкен тұрғындар, «Үміт» қариялар клубының өкілдері шақырылды. Ең алдымен Ашық есік күні өтіп, қариялар геронтолог,  невропотолог, уролог, дерматолог, хирург, отоларинголог секілді дәрігерлердің қабылдауында болып,  УДЗ, қант және холестерін деңгейі тексерілді. Дәрігерлер егде жаста денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты жайында кеңестер берді. Тұмауға қарсы вакцина салдырды. 

 

“Бұл мейрам бізде жыл сайын өтіп тұрады. Біз  үлкен кісілерді дәрігерлердің  тексеруден өтуі үшін Ашық есік күнін жасадық. Көңіл-күйін көтеру үшін мерекелік концерт ұйымдастырдық.Ең бастысы қарттарымыздың денсаулығы жақсы болғаны маңызды.  Біз үлкен кісілерге  алғыс айтудан жалықпаймыз. Бүгін, еңбегінің зейнетін көріп отырған шақта ол кісілерге қамқорлық жасау, құрмет көрсету - біздің дәрігер ретінде және кіші буын ретінде парызымыз. Қарттарымызға мықты денсаулық тілейміз!”-деді №2Емхана басшысы Тоғжан Еспергенова. 

 

Ашық есік күні  мерекелік концерт пен түскі асқа ұласып, емхана ұжымы қарттардың көңілін көтеруге тырысты.  

 

 Мерекеде ыстық ілтипат көрсеткен бас дәрігер Тоғжан Сағынышқызы Еспергенова бастаған  емхана ұжымына ардагерлер алғысын жаудырып, ақ батасын берді. 

Қазыналы қарттарымыз аман болсын!