Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.kz

“Алғыс пен денсаулық күні”: Қарияларға арналған ашық есік күні өтті

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Екінші емхана қарияларға арналған мереке ұйымдастырды. Думан шағын ауданына тіркелген қариялар “Ашық есік күніне” келіп, медициналық тексеруден өтті.

Қарияларға учаскелік дәрігерлер, кардиолог, невропатолог, ЛОР, хирург, дерматолог, геронтолог, уролог, сондай-ақ ФГДС, УДЗ, эндокринолог және смотровой кабинет мамандары медқызмет көрсетті. Емхана қызметкерлері қарияларды әрбір маманға ілестіріп апарды. Қариялар алғысын білдіріп, емхана ұжымына ақ баталарын берді. Әсіресе, бейінді мамандарға кезексіз қаралу мүмкіндігіне дән риза болды.

“Алғыс және денсаулық күні” деп осы шараны арнайы өткізіп отырмыз. Себебі, алғыс бар жерде денсаулық та бар. Қарияларымыз бізге үнемі қолдау көрсетеді. Біз “Үміт” клубымен бірге емханаға келіп түскен шағымдарды қараймыз. Осы тамаша мейрамда біз үлкен кісілерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Қариялар риза болса, біз де ынталанып жұмыс істейміз. Осындай әр кездесуде біз қарттарға жылы лебізімізді білдіріп, алғысымызды жаудырамыз. Біздің шаралар ерекше жылылық пен көтеріңкі көңіл-күйде өтеді”,-деді емхана басшысы Тоғжан Сағынышқызы.

Тоғжан Сағынышқызының бастамасымен атқарылып жатқан бұл жұмыстар қарттарға қамқорлық көрсетумен қатар, жастарға да үлгі бола алады. Емхана дәрігерлері де қарттарға қамқорлық жасауды өздерінің басты парызы санайды.

“Алғыс айту – адамның ең асыл қасиеттерінің бірі. Ұжымның мейірімі мен жанашырлығына дән ризамыз. Бүгін бізге көрсеткен құрметтеріңізге үлкен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз ерен, барша сый-құрметтке лайықсыздар. Оразаның алғашқы күнінде сауапты іс жасап отырсыздар. Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз”, - деді ардагер Есенбек Уктишбаев.

Емхана өміріне белсене қатысатын кариялар алғыс хатпен марапатталып, ән айтылып, вальс биленді. ????

Алғыс айту күні құтты болсын!