2022 жылғы 20 қарашада еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында өз еріктерін білдіру үшін, белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тегіне, әлеуметтік және лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән – жайларға қарамастан, он сегіз жасқа толған кезде сайлауға дауыс беруге қатысу құқығына ие болады.
Сайлау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген. Өз Отанының, баласының, ата-бабасының тағдыры, сондай-ақ өз тағдыры алаңдататын әр адам сайлау учаскесіне келуі және оның ойынша өз ісімен мемлекет басқара алатынын дәлелдеген, біздің өмірімізді бейбіт және бақытты, ал Қазақстанды өскелең ел ете алатын азаматқа дауыс беруге келуі тиіс.
Сайлаушыларды сайлаушылар тізіміне енгізу сайлауға қатысу үшін қажетті жағдай болып табылады. Сайлаушылардың тізімін тиісті әкімдіктер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының негізінде тұрғылықты жері бойынша жасайды. Нақты сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеу фактісі негіз болып табылады. Әр сайлаушы факт бойынша орналасқан учаске аумағына қарамастан тіркелген аумағындағы учаскеге келіп дауыс беруі тиіс.
Алайда, сізге сайлауға дейін 30 күн қалғанда белгілі болса, онда Сіздің 2022 жылдың 21 қазанында тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге баруға мүмкіндігіңіз болмайтын болса, сіз өзіңіз орналасқан жеріңіз бойынша әкімдікке сізді сайлау күні сіздің орналасқан жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Мысалы: сайлаушы Белоусовка к. тіркелсе, ал өзі факт бойынша Астана қ. болса, 2022 жылғы 20 қарашада Белоусовка к. келіп дауыс бере алмайды. Бұндай жағдайда, ол Астана қ. әкімдігіне сайлау күні 20 қарашада орналасқан жері бойынша Астана қ. сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуі тиіс. Астана қ. әкімдігі азаматты тіркелген жері бойынша Белоусовка к. сайлаушылар тізімінен алып тастауды және Астана қ. бойынша ол дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін сізге қолайлы уақытта өзіңіз үшін күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13-ке дейін және 14.00-ден 18.30-ға дейін сіз ауылдық округтер мен кент әкімі аппаратындағы тізімнен өзіңіз туралы деректерді тексеруге құқылысыз. Тізімге енгізілмей қалу, дұрыс енгізілмеу немесе тізімнен шығарып тасталғанына, сондай-ақ тізімдегі жіберілген қателіктерге шағымдануға құқылысыз.
2022 жылғы 4 қарашадан бастап сайлаушылар танысу үшін арнайы тізімдер ұсынылатын сайлау учаскелерінен өзіңіз туралы деректерді тексеруге мүмкіндігіңіз бар.
Егерде сайлаушы сайлау учаскесіне келе алмайтынын 20 қараша қарсаңында ғана білсе не болады? Бұндай жағдайда сайлаушы 2022 жылдың 4-20 қарашасы аралғында өзінің орналасқан жерін ауыстырса, өзінің тіркелген жері бойынша сайлау комиссиясына жүгінеді, ол жерде учаскелік сайлау комиссиясы паспортын немесе жеке куәлігін ұсынған жағдайда сізге дауыс беру құқығына есептен шығару куәлігін береді. Бұл кезде сайлаушылар тізімінде сәйкес белгі жасалады. Есептен шығару куәлігін беру дауыс беру күнінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады.
Сайлау күні 2022 жылғы 20 қарашада есептен шығару куәлігі бар сайлаушы өзінің орналасқан жері бойынша кез келген учаскеге келіп, дауыс бере алады. Бұндай жағдайда бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау округінде немесе өзге сайлау учаскесінде дауыс беруге ниет білдірген сайлаушыға есептен шығару куәлігі берілмейтінін білуі қажет.
Сайлаушылар денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесін күту себебі бойынша, сондай-ақ шалғай және сайлау учаскелері жоқ, жетуге жолы қиын аудандарда тұратын, дауыс беру үшін учаскеге келе алмайтын сайлаушыларға, олардың жазбаша өтініші бойынша учаскелік комиссия осы сайлаушылардың орналасқан жерінде дауыс беруді ұйымдастырады. Сонымен қатар, сайлаушылардың назарына, дауыс беру күні 2019 жылдың 9 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш берілуі тиіс.
Құрметті сайлаушылар! 2022 жылдың 20 қарашасында өз құқығыңызды іске асыру – ел Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін, алдын ала өзіңізді тізімнен тексеріңіз!
Дереккөз: www.gov.kz