Call-центр: +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343
Email: almaty_gp2@mail.kz

          2016 жылдың 29 желтоқсанында №2 қалалық емханада  Амантай Біртановті еске алу кеші өтті. Кешке Амантай Біртановтің жұбайы Бейсекүл Кершайызқызы, Медеу аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ким Серикбаев, белгілі қаламгер, ауылдас інісі Ерғали Сағат; әріптесі, дәрігер, өмірдегі досы Сайлаубек Таукеев, И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық №4 мектеп-интернатының директоры Ерғали Нұртайұлы, ақын Айтақын Әбдіқал және №2 Қалалық емхананың ұжымы қатысты. №2 Қалалық емханада Амантай Біртановқа арналған бұрыш ашылды. Кешке келген қонақтар Амантай Біртанов жайлы көптеген естелік-әңгілемелермен бөлісіп, сағынып еске алды.

        Амантай Біртановты еске алу кеші бір минуттық үнсіздіктен басталды

         Кеш соңында дастархан ұйымдасытырылып, Амантай ағамыздың аруағына арнап Құран бағышталды.

         Біртанов Амантай 1945 жылы 7 наурызда Жамбыл облысының, Талас ауданы, Ойық совхозында дүниеге келген. 1963 жылы он бір жылдық орта мектепті бітіріп, бір жыл туған совхозында механизатор болып жұмыс істеді. 1970 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін 5 жыл бойы облыстық балалар ауруханасында балалар хирург-дәрігері қызметін атқарды.

        1975 жылдан бастап 2006 жылға дейін Жамбыл қаласында №2 қалалық  балалар емханасының, Алматы облысында «Көктем» шипажайының, Алматыдағы №10, №4 емханаларының, қалалық жедел жәрдем клиникалық ауруханасының және Алмалы ауданының бас дәрігері қызметін атқарды.

        2006 жылы қалалық №2 емхананың бас дәрігері болып тағайындалды. Жоғары білікті дәрігер.

        Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1996 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. 1998 жылы Ойық ауылының, 2002 жылы Талас ауданының құрметті азаматы, 2004 жылы Жамбыл облысының Құрметті азаматы атағы берілді. «КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Азамат» орденімен, «Парасат» орденімен марапатталды.

       1975 жылы Жамбыл қалалық кеңесінің депутаты, 1981 жылы Алматы облысы Талғар аудандық кеңесінің депутаты, 1987 жылы Алматы қаласы  Алатау аудандық кеңесінің депутаты, 1994 жылдан 1-2-3-4-ші шақырылған Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып тағайындалған.

      Басшы, дәрігер, депутат ретінде жастарды тәрбиелеу ісінде, ардагерлерге және мұқтаж жандарға жәрдем беруге, қолдан келген көмегін аямаған азамат.