Думан ықшам ауданындағы №172 орта мектебінде 2017 жылдың 4 қыркүйегінде бас дәрігер Тоғжан Сағынышовнаның басшылық етуімен №2 Қалалық емхананың маман дәрігерлері, мектеп директоры Қозыбаев Талғат Талдыбайүлы және мұғалімдердің қатысуымен 6 -шы сынып оқушыларына «Оқушыларға сапалы медициналық көмек көрсету» айлығына орайластырып «Оқушылардың дұрыс тамақтануы және иммунопрофлактикасы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.
№2 қалалық емхананың бас дәрігері Еспергенова Т.С. қазіргі кезде балалардың әр түрлі сусындарға әуес екендігі және олардың бала ағзасына зиянды екені туралы айтты. Балалар денсаулығына таза судың пайдасының зор екендігін түсіндірді, балаларға таза су таратылып берілді.
Дәрігер педиатр Байсбаева Х.Е.балаларға профилактикалық егудің маңыздылығын, балалар денсаулығына қажеттілігін түсіндірді.
СӨСК дәрігері Оразалиева О.Н. балаларға дұрыс тамақтану негіздерінен мағлұмат берді. Оқушылар арасынан Мұхамеджан Мадияр 2005 жылы туылған - Мектеп асханаларынде неге газдалған су сатылады? деген сұрақ қойды. Сондықтан дәрігерлерге қойылатын талап мектеп асханаларындағы судың сапасын қадағалау.
Думан емханасының дәрігері Куанбаева Р.Б. оқушыларға арнап «Қазақ жастары» атты ән салды.
Мектеп директоры Қозыбаев Талғат Талдыбайұлы 2 емхана ұжымына өз алғысын білдірді.