№2 Қалалық емханаға қарасты №53 қазақ орта мектебінде 2017 жылдың 5 қыркүйегінде бас дәрігер Тоғжан Сағынышовнаның басшылық етуімен №2 Қалалық емхананың маман дәрігерлері, психологы, әлеуметтік қызметкері мектеп директоры Атуғанов Өмірбек және сынып жетекшілерінің қатысуымен 5 сынып оқушыларына «Оқушыларға сапалы медициналық көмек көрсету» айлығына орайластырып «Оқушылардың дұрыс тамақтануы және иммунопрофлактикасы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді. Дәрігер педиатр Байсбаева Х.Е.балаларға профилактикалық егудің маңыздылығын, балалар денсаулығына қажеттілігін түсіндірді. ЗОЖ дәрігері Оразалиева О.Н. балаларға дұрыс тамақтану негіздерінен дәріс айтты. Казіргі кезде балалардың әр түрлі сусындарға әуес екендігі және олардың адам ағзасына зиянды екенін түсіндіріп, денсаулыққа таза судың пайдасының зор екендігін түсіндірді. Оқушылар арасынан Сырғабаева Балжан, Нусиппекова Меруерт және Абдрахман Жазира өлең жолдарымен өз өнерлерін № 2 Қалалық емхана ұжымына тарту етті.
Думан емханасының әлеуметтік қызметкері Амреева Б. К. Оқушылармен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Соңында мектеп директоры Айтуғанов Өмірбек №2 Қалалық емхананың ұжымына өзінің алғысын білдіріп, осындай кездесулердің балаларға тигізетін пайдасының зор екенін атап өтті.