Call-центр: +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343
Email: almaty_gp2@mail.kz

 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл. Осы датаны мерекелеу қарсаңында
№2 Емхана ұжымы 28 қаңтар күні Медеу ауданында тұратын ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің (2 кісі) денсаулығын қарап-тексерді.
Геронтолог, әлеуметтік қызметкер, мейірбике ардагерлердің үйіне барып қан қысымын, көз қысымын, қант мөлшерін өлшеді. ЭКГ түсірді. Екі ардагердің де жағдайы бірқалыпты, көңіл-күйі жақсы.

Бұл жұмыс ардагерлерді қолдау және оларға медициналық қызмет көрсету бағдарламасы аясында атқарылып отыр. Мұндай үйіне барып тұру, қарттардың денсаулығын назарда ұстау кейбір ауруларды уақтылы анықтауға көмектеседі.

Отанымызды қорғауға елеулі үлес қосқан ардагерлерімізге қамқорлық көрсету біздің іні буын ретінде парызымыз.

Қарттарымыз аман, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!