Біздің емханаға талай жыл еңбегі сіңген әріптесіміз Тоқтарова Рая Кәлімқызын биылғы 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Рая Кәлімқызы біздің емханамыздың мақтанышы, 40 жылдық еңбек өтілі бар мейірбике, оның ішінде 27 жылын біздің Екінші емханада өткізген.
Рая Кәлімқызы – өз ісінің нағыз маманы, жүрегі мейірімге толы ақ халатты абзал жан. Еңбекқорлығының арқасында көптеген марапаттарға ие болған жан. Оның жетістіктерінің ішінде: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызынан алған құрмет грамотасы, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінен алған алғыс хаттары және өзге де марапаттары бар.
Рая Кәлімқызы өз жұмысын сүйіп істейді. Өз учаскедегі сенім артқан пациенттерімен үнемі жылы қарым-қатынаста. Пациенттердің денсаулығы мықты болса, ол кісінің көңілі тыныш. Уақытылы қабылдауға шақырып, екпелер мен профилактикалық тексерулерді ескертіп тұрады. Қажет болса, үйлеріне барып патронаж жасау – оның күнделікті жұмысы.
Емхана ұжымы Рая Кәлімқызын құттықтап, оған шексіз алғысын білдіреді. Біз Рая Кәлімқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және толағай табыстар тілейміз!