Алғыс айту күні емхана басшысы №2 Емхана ұжымына алғыс айтты
Тоғжан Сағынышқызы әріптестеріне ерекше алғысын білдірді. Ол емханаға көп жылдан бері үлес қосып жүрген өз ісінің мамандарын марапаттап, дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегін атап өтті.
“Бүгін – өмірімізге жақсылық жасаған әрбір адамға алғыс айтатын ерекше күн. Мен өз ұжымыма, құрметті әріптестерім, сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз және жанашырлықтарыңыз үшін басымды иіп, шын жүректен алғыс айтамын! Сіздер күн сайын тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін тер төгіп, дауа іздегендерге үміт сыйлайсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз – біздің қоғам үшін өте құнды”, – деді емхана басшысы.
Тоғжан Сағынышқызы емхана ұжымының бірлігі мен ынтымақтастығын атап өтіп, әрбір қызметкердің емханаға қосқан үлесін жоғары бағалады.
“Біз – үлкен отбасымыз. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істейміз. Біздің әрбір жетістігіміз – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін”, – деп сөзін аяқтады емхана басшысы.
Емхана ұжымы да басшыға жылы лебізін білдіріп, гүл сыйлады.