№2 қалалық емхананың уролог-андролог дәрігері Азамат Азимтаев цистит ауруының басты белгілері, себебі және қанша уақытта емделетіні туралы Informburo сайтына сұхбат берді.
Ерлерге қарағанда әйелдер жиі шалдығады. Циститтің себебі не және оны қалай емдейміз
Уролог-андролог дәрігер циститті 5-7 күнде емдеп жазуға болатынын айтады.
Цистит дегеніміз – қуықтың қабынуымен байланысты ауру. Ер адамдарға қарағанда әйелдер циститпен жиі ауырады. Мың ер адамның сегізі циститке шалдыққан болса, әрбір үшінші әйел өмірінде кемінде бір рет болсын осы аурумен ауырған. Екіншілерінің жартысында цистит асқынып, созылмалы ауруға айналған. Осы орайда №2 қалалық емхананың уролог-андролог дәрігері Азамат Азимтаев осы аурудың басты белгілері, себебі және қанша уақытта емделетіні туралы әңгімеледі.
Дәрігер циститтің бактериалды, созылмалы және сәулелі деген үш түрі болатынын, емді дұрыс жүргізу үшін аурудың түрін ажыратып алу маңызды екенін айтады.
Ары қарай дәрігер циститтің басты екі белгісін атады. Ол – кіші дәреттің жиілеуі және зәр шығарған кезде қуықтың ашып ауыруы.
Азамат Азимтаевтың айтуынша, анатомиялық ерекшелігіне байланысты бұл ауруға көбінесе әйел адамдар шалдығады. Мұнымен қатар, қуықтың қабынуына жеген тағамдар аса әсер етпейді.
Сұхбатты келесі сілтемеден оқи отырыңыздар