№2 қалалық емхана ұжымы Балаларды қорғау күнін атап өтті. Мереке “Думан” филиалында орын алды.
Іс-шараға “Аманат” Медеу аудандық филиалының өкілі Ержан Медеуов, қалалық мәслихат депутаттары, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Сондай-ақ, мерекеге емхана қызметкерлерінің бүлдіршіндері және Үміт қарттар клубының мүшелері қатысты.
Жиналғандар алдында Құдайберген Бекіш ән салып, қонақтарға алдағы болатын концертіне билеттер табыс етті.
Аниматорлар да балаларға сыйлықтар беріп, ойын-сауыққа қатысуға шақырды. Балалардың арман- тілектері орындалсын деп, барлығы бірігіп мерекелік шарларды аспанға ұшырды.
Қорытынды сөзді №2 қалалық емхананың директоры Еспергенова Токжан Сағынышқызы айтты. Ол алдағы айда емханада балалар мен олардың аналары үшін Ашық есік күні басталатынын атап өтті. Яғни келушілерге скринингпен медициналық тексеруден өту мүмкіндігі болады. Шара барысында қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып, жылы лебіздер мен бата айтылды.
Емхана ұжымы атынан бүлдіршіндерімізге зор денсаулық және бақытты балалық шақ тілейміз!