Call-центр: +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343
Email: almaty_gp2@mail.kz

         17 мамыр күні №2 Емханада қала бойынша тері меланомасын (тері қатерлі ісігі) ерте диагностикалау бойынша денсаулық мектебі өтті.

Халықаралық дипломнан кейінгі кейінгі білім беру институты Онкология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Балтабеков Нурлан Турсунович бастаған онколог дәрігерлер дәріс өткізіп, тері ісігін ерте анықтаудың маңызын түсіндірді. Жиынға жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, онкологтар, дерматологтар, хирургтар және тері ауруы бар науқастар қатысты.

Мұндай Онкология институты мен қалалық емхана арасында дәріс форматында кездесу алғаш рет өтіп отыр. Жиында институт өкілдері емханаға дермоскоп аппаратын сыйға тартты. Ашық есік күнінде онкологтар тері ауруына күдігі бар науқастарды қарап-тексерді, кеңес берді. Жаңа аппарат - дермоскоппен тексеріп, емхана дәрігерлерімен тәжірибе алмасты.

Назар аударыңыз! Теріде түсініксіз жара пайда болса, туа біткен қалдар асқынса, міндетті түрде дермотологқа қаралу керек. Басында мазаламаса да, уақытында емделмесе – қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

Міндетті түрде дерматоскопия жасату қажет, егер Меланома:

• қышыса,

• түсі өзгерсе,

• көлемі үлкейсе.

Скрининг пен ерте диагностика 87% жағдайда тері ауруын ерте анықтайды. Егер меланома табылса, гистологиялық зерттеу жасалады. Тері қатерлі ісігі диагнозы қойылған жағдайда онкологтар емдеу тактикасын белгілейді.

Қатерлі ісікті ерте анықтау – өмірді сақтап қалудың жолы! Денсаулыққа қамқор болайық!