Call-центр: +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343
Email: almaty_gp2@mail.kz

         12 мамыр – Халықаралық медбикелер күнімен №2 Емхананың барлық медбикелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Мерекеге орай, емханамыздың құрметті медбикесі – Какий Карима Ақбайқызымен сұхбаттасқан едік.

Карима Ақбайқызының еңбек өтілі 30 жылдан асады. Соның 20 жылын ол біздің емханада абыроймен қызмет етіп келеді.

Осы уақыт аралығында Карима Ақбайқызы өзін сауатты, жауапты әрі мейірімді маман ретінде көрсетті. Науқастар оны жанашыр жүрегі, кәсіби шеберлігі, жұмысқа жауаптылығы үшін ерекше құрметтейді.

Бүгінде Карима Ақбайқызы – жоғары санатты, тәжірибелі медбике.

Ол – әріптестері арасында беделді, сыйлы маман. Кәсіби біліктілігі үшін Алматы қаласы әкімінің “Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі және көп жылдық еңбегі үшін” атты алғыс хатымен марапатталған. Ол – бес қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Карима Ақбайқызы жайлы әріптестері жүрекжарды лебіздерін аямайды.

Емхана ұжымы мен барлық науқастар оны позитивті көңілі мен ақ жарқын көңілі үшін ерекше жақсы көреді.

Мерекеңізбен, ақ халатты абзал жан!