Бүгін №2 емханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік өтті. Ұжым болып аумақты тазалап, талдарды әктеп, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қостық. Мұндай шаралар бізді біріктіріп қана қоймай, аға буынға деген құрметімізді іспен дәлелдеуге мүмкіндік береді. Батырларымыздың рухына бас иіп, жарқын болашақ үшін еңбек ете берейік!