Грипп — тыныс алу жолдарын зақымдайтын, тез таралатын вирустық инфекция.
Ауру дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, тамақтың ауыруы және бұлшықет сырқырауы сияқты белгілермен көрінуі мүмкін.
Грипп әсіресе балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Ауру кей жағдайда асқынуларға, соның ішінде пневмонияға әкелуі ықтимал.
Неліктен вакцина алу маңызды?
Гриппке қарсы вакцинация — аурудың және оның асқынуларының алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі. Вакцина иммундық жүйеге вирусты тануға және оған қарсы қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі.
Грипп вирусы өзгеріп отыратындықтан, вакцина құрамы маусым сайын жаңартылып отырады. Сондықтан жыл сайын вакцина алу ұсынылады.
Вакцинация туралы
Гриппке қарсы вакцинацияны грипп маусымы белсенді басталғанға дейін алған дұрыс. Дегенмен вакцинация мерзімі туралы дәрігермен кеңескен жөн.
Құрметті қала тұрғындары! Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, гриппке қарсы вакцина алыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Грипп, вакцинация және аурудың алдын алу туралы толық ақпаратты біздің бейнероликтен көре аласыз. Эпидемиолог дәрігер Сахи Лаура Дәулетқызы маңызды сұрақтарға жауап береді.