Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

         №2 қалалық емхананың дәрігерлері "Туберкулездің алдын алу. Туберкулезді емдеуге болады!" атты дәріс өткізді. Іс-шара №100 жалпы білім беретін мектепте "Туберкулездің алдын алу айлығы" аясында өтті.

Балалар фтизиатры Әшімханова Әлия Қызырханқызының пайдалы ақпаратын ондаған бала қызығушылықпен тыңдады. Маман оқушыларға: "Туберкулез туралы не білу керек?"және"Денсаулық сабақтарын" өткізді. Кездесу "Сенің өмірің! Сенің таңдауың!", "Біз туберкулезді тоқтатамыз!" атты ұрандармен өтті.

Ақпараттық-білім беру материалдары таратылғаннан кейін балалар арасында "Туберкулездің алдын алу. Туберкулезді емдеуге болады! " деген тақырыпта диктант өткізді. Осы арқылы оқушылардың санасында ауру туралы маңызды деректер тағы бір рет бекітілді.