Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

     Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының №2 қалалық емханасының бас дәрігері Тоғжан Есбергенова мен Олжас Шәріпов Нұр Отан партиясының Медеу аудандық филиалының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Оларға ұзақ өмір және мықты денсаулық тіледі. Өз кезегінде ардагерлер Жеңіс туралы әңгімелерімен бөлісті, Өмір үшін емес, өлім үшін күрес жүріп жатқан қиын уақыт туралы айтты. Ардагерлер қонақтарға көңіл бөлгендері үшін алғыс айтып, жылы сөздері үшін ризашылықтарын білдірді және денсаулық, амандық және жұмыста табыс тіледі.

"Нұр Отан" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аға буынды қолдаудың негізі болды. Мақсаты соғыс қасіретін білмейтін жас ұрпаққа, ардагерлерге мүмкіндігінше көп көңіл бөліп, олардың соғыстың қорқынышты уақыты туралы шынайы әңгімелерімен танысуға тырысу.