Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

         Құрметті медицина қызметкерлері! Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін», - деп №2 қалалық емхананың бас дәрігері Есбергенова Тоғжан Сағынышқызы біздің емхананың барлық дәрігерлеріне құттықтау сөздерін жолдады.