Call орталық +77077541284 | Регистратура: +7 (727) 3992780 | +7 (727) 3992200 | +7 (727) 3992343 Email: almaty_gp2@mail.ru

         Құрметті алматылықтар! Вакцинацияға келген әрбір адам біздің лотереямызға қатыса алатынын хабарлаймыз. Ақшалай жүлделерден бөлек, сіз осы айдың ішінде жас шектеуінсіз Алматыдағы дельфинарийге баруға сертификат ұтып ала аласыз. Сонымен қатар №2 қалалық емхананың бас дәрігері Еспергенова Тоғжан Сағынышқызының бастамасы бойынша арнайы мамандарға кезексіз тексерілу мүмкіндігін де ала аласыздар. Сол арқылы Ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ), кардиолог, неврапотолог және эндокринолог сияқты дәрігерлерге кезексіз кіре аласыз.

Біз ешкімді ұтыс ойынына және вакцинацияға қатысуға мәжбүрлемейміз. Барлығы пациенттердің ерікті келісімі бойынша болады. Сонымен қатар, лоторея вакцинаны алғаннан кейін медициналық ұйымда дәрігердің бақылауында өтуге тиісті 30 минут арасында жүргізіледі.

Бізде вакциналардың үш түрі бар: ресейлік Спутник V вакцинасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Hayat Vax вакцинасы, қазақстандық QazVac вакцинасы.